14 Шілде, 08:16 443 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклоның әсерінде болғандықтан, 14 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.

Еліміздің тек батысы мен шығысында найзағай, жаңбыр күтіледі. Кей жерде екпінді жел соғады. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысында, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және оңтүстікте өте қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар