13 Шілде, 11:03 395 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Бразилияда індеттен 71 мыңнан аса адам көз жұмды

Бразилияда соңғы тәулікте 39 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мемлекетте қатерлі вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1 млн 800 мыңға жеткен. Індеттен 1,1 миллионнан астам науқас емделіп шықса, дерті асқынған 71 мың адам қайтыс болды.

Бразилия коронавирусты жұқтырғандар және COVID-19 құрбандарының саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 12,9 млн адамға жетеғабыл. Індеттен 568 мыңнан аса адам көз жұмды.

Ал еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, соңғы тәулікте Қазақстанда 1646 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 59 899-ға жетті. Соңғы аптада кесірлі кеселден 111 адамның көз жұмғаны белгілі болды, осылайша елімізде індет құрбандарының жалпы саны 375-ке жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар