12 Шілде, 19:28 399 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Амандық Баталов коронавирустан айықты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирустан айығып, ауруханадан шықты. Бұл туралы аймақ басшысы Facebook парақшасына жазды. 

"Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін.

Ал ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін. - деп жазды облыс әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, Семей қаласының әкімі Ермек Салимовтан да қатерлі вирус анықталды.

Соңғы жаңалықтар