12 Шілде, 18:46 740 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда қылмыс деңгейі 37 пайызға төмендеді

Қазақстанда жарты жылдың ішінде қылмыс 37%-ға төмендеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Ішкі істер органдары карантин шараларын қамтамасыз етуден бөлек, өзінің негізгі қызметін – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыспен күресіп жатыр.

«Бірінші жарты жылды қорытындылайтын болсақ, көптеген бағыт бойынша тәртіпті күзету шараларын күшейтудің арқасында елдегі қылмыс жағдайын айтарлықтай жақсарттық. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс саны 40 %-ға төмендеді», - деп атап өтті ІІМ басшысы.

Елдегі жалпы қылмыс деңгейі 37%-ға төмендеген (114,6 мыңнан 71,8 мыңға дейін). Сондай-ақ, тонау, ұрлық жасау және бұзақылық сынды қауіпті қылмыстар екі есеге азайған. Кәмелеттік жасқа толмағандардың тәртіп бұзуы да 13%-ға қысқарған.

«Отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылық саны 21%-ға өсті. Осыған байланысты полиция профилактикалық шаралар қолданады», - деп атап өтті Тұрғымбаев.

 

Соңғы жаңалықтар