12 Шілде, 10:23 598 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік кездесуінде жеңіліп қалды

Әбу-Дабиде (БАӘ) UFC 251 турнирі өтіп жатыр. Онда қазақстандық файтер Жалгас Жұмағұлов (13-3) бақ сынады, деп хабарлайды  Sports.kz.

Жалғасқа қарсы бразилиялық Раулиан Пайва (19-3) шықты. Бұл Жалғастың ірі промоушндегі дебют айқасы. Оның қарсыласы UFC-те бұған дейін үш жекпе-жек өткізіп үлгерген.

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген. Төрешілердің шешімімен Жалғас Жұмағұлов ұтылды.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC турнирін сәтсіз бастады, кәсіби карьерасында төртінші рет жеңілді. Раулиан Пайва жиырмасыншы рет жеңіске жетті, оның UFC-тағы деңгейі— 2-2.

 

Соңғы жаңалықтар