11 Шілде, 18:55 1132 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Медициналық ұйымдардың жұмысын халық бақылайды – министр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханада емделіп жатқан науқастарға дәрі-дәрмек жетпей жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты жауап берді.

«Достар, Facebook-тен Аида Боқаеваның үндеуін көрдім. Әлеуметтік желі қолданушылары оның байланыс нөмірін берді. Оған хабарластым», – деп жазды Денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, Аида Боқаева бірнеше ай бойы қоғамдық бастамаларға қатысып, ауруханадағы дәрігерлерге көмектесіп, науқастарға қамқор болып, еден жуып, сусын әкеледі.

«Ол ауруханада дәрігерлер қалай ерлікпен жұмыс істеп жүргенін, сондай-ақ жұмыс барысында кездесетін мәселелер туралы да айтты. Мұндайға бей-жай қарамайтын адамдар маған халыққа жағдай қалай болып жатқанын көрсету, емдеу бойынша ұсынымдар және дұрыстап көмек көрсету туралы өтініштерін айтады. Біз медициналық мекеме ішінде не болып жатқанын қарайтын адамдардан халықтық бақылау құрамыз деп келістік. Бұл жағдай қалай болып жатқанын бағалау үшін, қалай көмектесуге болатыны туралы ұсыным жасау, дәрі-дәрмек жеткілікті ме екенін бақылау, науқастарға қалай қызмет көрсетілетінін қарау, басшылық ұжым мен науқастарға қалай көңіл бөлетінін бақылау үшін қажет», – дейді Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол қажет болған жағдайда, әсіресе жемқорлық және қайта сату сипатты жағдайлар бойынша қатаң шаралар қолданатынын жеткізді.

«Аида бұл жұмысты өз қолына алып, аймақтарды аралауға әзір екенін білдірді. Біз аймақтар бойынша осындай жұмысқа өз еркімен қатысуға дайын мейірімді жандарды іздейміз. Ұлттық волонтерлер жүйесі осы жобаға қатысуға ниет білдірді. Медициналық мекемелерге кіруді біз қамтамасыз етеміз. Соңында жағдайды жақсарту бойынша нақты шешім қабылдаймыз. Қазіргі уақытта қоғам жағдайды тұрақтандыру үшін бас біріктірді және бұл үлкен үміт оятады», – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар