Дүкен Мәсімханұлы: Береке-бірлігіміз мығым болсын!

Дүкен Мәсімханұлы: Береке-бірлігіміз мығым болсын!

Дүкен Мәсімханұлы: Береке-бірлігіміз мығым болсын!
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты арнайы үндеу жариялады. Қ.Тоқаев бүкіл дүниежүзі бойынша жағдайдың өте күрделі күйінде қалып отырғанын мәлімдеді. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жеткен болса, қайтыс болғандардың саны 500 мыңнан асып кеткен. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелген "Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрмағанын" мемлекет басшысы ашық айтты. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Осыған орай Президент "Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты" екендігіне баса назар аударды. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын" - дей келіп, 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қадірлі ағайындар! Әсіресе Президенттің үндеуіндегі мына жүрекжарды лебізіне ел болып, жұрт болып, шынайы құлақ асатын шешуші кезеңге жеттік деп ойлаймын: "Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар"... Иә, қадірлі халқым! Соңғы кездері жүрек сыздатар қаралы хабардан ФБ белі қайысып, жылаған көз жасымен шыланып тұр.... Жасырары жоқ, өте өкінішті ғана емес, өте қорқынышты жағдай... Енді шын ойланып, шын сақтанып, шын кірісе білсек, Президент айтқандай, "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтеміз". Береке-бірлігіміз мығым, тірлігіміз тас-түйін болсын бауырлар!!! Бұл менің сіздерден өтінішім....