Ел аумағына дәрі-дәрмек жеткізу процесі жеңілдетілді

Ел аумағына дәрі-дәрмек жеткізу процесі жеңілдетілді

Ел аумағына дәрі-дәрмек жеткізу процесі жеңілдетілді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу процедурасы жеделдетілгенін мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергіні еңсердік. Қысқа уақыттың ішінде керекті препараттар нарыққа түседі», – деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысы күшейтілгенін мәлім етті.