Карантин: санитарлық талапты бұзған 700 нысан анықталды

Карантин: санитарлық талапты бұзған 700 нысан анықталды

Карантин: санитарлық талапты бұзған 700 нысан анықталды
ашық дереккөзі
Бүгінгі онлайн брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантин шараларының сақталуын тексеретін мониторинг топтарының қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Ішінара жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша 701 нысаннан карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Біз тексеріс барысында анықталған тәртіп бұзу фактілеріне дер кезінде әрекет етеміз. Оған қосымша, азаматтар кемшілік туралы біздің call-орталықтарымызға хабарлап айта алады», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Құрамына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары енген аудандық әкімдіктері бекіткен мониторингтік топтар карантин кезінде жұмыстарын жаңғыртқан қаладағы 5976 нысанға тексеріс жүргізді, соның ішінде 2512 қоғамдық тамақану, өндірістік сауда және базарлар, 1903 өндірістік емес сауда нысандарына, сұлулық салондарына, моншалар, Қазпошта бөлімдері, банктер, мешіттер, кеңселер, құрылыс алаңдары және коммуналдық мақсаттағы басқа да нысандарға, 1166 өндіріс орындары нысандарына, автосервис және 395 балабақша (кезекші топтар) бар. Тексеру қорытындысы бойынша 642 нысанның қызметі ескертуді түзегенге дейін тоқтатылды, ол – тексерілген жалпы нысандардың 10,7%. Оның ішінде 621 нысан ескерту алғаннан кейін өздігінен тоқтатқан. Субъектілер ескертуге қатысты түзету жасамағаннан кейін ТҚСҚБД аудандық басқармаларының қаулысымен 21 нысанның қызметі тоқтатылды. Анықталған тәртіп бұзу фактілерінің ішінде кең тарағаны: қызметкерлерге термометрия жүргізбеу, келушілер арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, қызметкерлердің масканы уақтылы ауыстырмауы, қызметкерлердің маска режимін орындамауы, қолғаптардың жоқтығы, зауыт орамасы жоқ тері антисептиктерін қолдану, үстелдер арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, дезинфекциялық кілемшелердің жоқтығы және басқалар.