Бүгін күн райы қандай болмақ – Қазгидромет

Бүгін күн райы қандай болмақ – Қазгидромет

Бүгін күн райы қандай болмақ – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазгидромет 7 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Атмосфералық фронттардың әсерінен елде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Шығыста дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай мен дауыл болады. Күндіз жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысының кей жерінде күн күркірейді, жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Алматы облысының кей жерінде күн күркірейді. Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерде желдің күші – 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады. Күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерінде күн күркіреп, тұман түседі. Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.