6 Шілде, 21:06 479 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

#Elbasymenbirge: жасотандықтар жаңа челлендж бастады

Елорда күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына орай жасотандықтар Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #Elbasymenbirge атты челленджін бастады.

Осы челлендж аясында Қазақстанның барлық өңірлерінің мәдениет және спорт өкілдері, инфлюенсерлер, жас кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен жастарының қатысуымен 100-ден аса бейнероликтер жарияланды. Елбасының суреті бейнеленген жейделерді киген бейнероликтердің спикерлері Н.Назарбаевпен байланысты өздерінің естеліктерімен (кездесулер, форумдарда/іс-шаралардағы сөз сөйлеу, марапат алу) бөлісті.

Бұдан басқа, «Jas Otan» жастар қанатының қызметкерлері мен белсенділері #Elbasymenbirge хэштегімен Елбасына арналған құттықтау посттарын жариялауда. Осы акцияға жастар қанатының 3000-нан астам белсенді мүшелері қатысып, Facebook және Instagram желілерінде 500-ден астам пост жарияланды. Жасотандықтар өз естеліктерімен бөлісіп, Елбасыға деген жылы лебіздерін білдірді.

Аталған челленджге киноактриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінің жүлдегері Самал Еслямова, еркін күрестен қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің чемпионы және жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, «ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Лаура Демесинова, «Волонтерлер лигасы» ҚҚ төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының» басшысы Дәулет Кәрібек және т.б. қатысты.

Соңғы жаңалықтар