Президент Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.   width=
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделі жоғары екенін атап өтті. «Елбасы заманауи мемлекет құрды, Қазақстанның шекарасын әлем картасына енгізді. Бұл туралы әлемнің барлық көрнекті саясаткері айтып жүр, олар осы күні Елбасына қоңырау шалып, құттықтауда. 80 жас - әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол халқымызға, мемлекетке әлі де үлкен пайда әкелетініне сенімдімін», – деді Тоқаев.  width=
Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесі мен ерекше рөлін атады. «Бүгін тарихи күн – Елбасы 80 жасқа толды. Ол – қазақ халқының ұлы баласы. Біз әдетте: «Еліміздің ұлы қайраткері, ұлы перзенті» дейміз. Бүкіл әлем осындай пікірде. Бұл шын мәнінде ұлы адам және біз оны айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал болғандықтан, әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерін мақтан тұтуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.