6 Шілде, 11:27 602 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Елордалық полиция қызметтің ерекше тәртібіне көшті

Елордалық полиция қызметкерлері 5 шілдеде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары енгізілуіне байланысты қызметтің ерекше тәртібіне көшті. Бұл жөнінде қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Тәртіп сақшылары қала көшелерін патрульдеуде. Патрульдік бағыттар барлық учаскелерді қамтитындай етіп жасалған. Полиция тұрғын үй аумақтарын, сондай-ақ халық көп жиналатын жерлерді аралауда.

Сонымен қатар олар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин тәртібін бұзушылықтарды анықтайды.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап елде 14 күнге шектеу шараларын енгізуді ұйғарды. Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі дамуына байланысты шектеу шаралары ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

«Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап, антисептик қолдануы тиіс. 65 жастан асқан адамдарға қала бойынша қозғалыс шектелген. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз», – деп атап өтті полиция.

Соңғы жаңалықтар