Ауруханалар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген – министрлік

Ауруханалар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген – министрлік

Ауруханалар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген – министрлік
ашық дереккөзі
Қазақстан ауруханалары коронавирус инфекциясын емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай дейді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезіндегі дәрі-дәрмектің бағасын көтеру фактілері бойынша қатаң шара қабылдау туралы арнайы тапсырма берді. ҚР Президенті ел азаматтарының еміне, оларға дәрілік заттарды қолжетімді етуге ерекше мән беріп отыр. Негізі бұл мәселе –Үкіметтің күн тәртібінде тұрған негізгі жұмыстардың бірі. Соңғы жылдары отандық фармацевтика саласында өндіріс 7 есеге артқанын айтқым келеді», – деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстан ауруханалары коронавирус инфекциясын емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. «Қазіргі уақытта мекемелерде 17 700 адамның жатқанын ескере отырып, болашақта кепілдік болуы үшін 27 мың пациентке дейін дәрілік затпен қамтамасыз етілді. Мұнымен де тоқталып отырған жоқпыз. Ары қарай да нақты шаралар қабылданып отыр. Дәрі-дәрмекті қосымша сатып алу 59 мың пациентке дейін ұлғайтылады», – деді ол.