Тұрғын үйлер пайдалануға берілді
Сондай-ақ, Алматыда Астана күні мерекесі қарсаңында «Алатау сити», «Акварель», «Central Avenue» , «Медеу парк», «Теренкур Терраса», «Гүлдер» 6 тұрғын үй кешеніндегі кезекті үйлер пайдалануға берілуде. Бұл нысандар Алатау, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарын қоса алғанда, Алматының әртүрлі аудандарында орналасқан және 1 мыңнан астам пәтерге есептелген. Жаңа тұрғын үй кешендері Алматыны “шетсіз қалаға” айналдыруға мүмкіндік береді, ол жерде қаланың барлық тұрғындарында қай ауданда тұратындығына қарамастан, күнделікті қажетті әлеуметтік қызмет түрлерінің жиынтығы болады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәселені өзгерту үшін, қала шетінде тұратын азаматтардың да қала орталығындағы тұрғындар сияқты қызмет түрлеріне қолдары жетімді болуы үшін олардың өмір сүру сапасын арттыруда жағдай жасау керектігін бір емес,бірнеше рет атап өткен болатын.Білім беру нысандары пайданалуға беріліп жатыр
Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматыда балаларға арналған музыкалық мектеп, мектептердің негізгі ғиматтарына жалғастырыла салынған қосымша құрылыстар және балабақшалар пайдалануға беріліп жатыр. Білім беру нысандарының құрылысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы негізінде басталды. [caption id="attachment_110755" align="alignnone" width="878"] №5 балалар музыкалық мектебі[/caption] Жалпы, елорда күніне орай Алматыда әлеуметтік маңызы бар білім беру инфрақұрылымының алты нысаны іске қосылды. Бүгінгі таңда Бостандық ауданында орналасқан екі мектепке дейінгі мекеме, жеке меншік балабақша және №191 балабақша пайдалануға берілді, сәйкесінше 45 және 195 орынға шақталған. Ауданда 100 орынға есептелген № 45 балалар музыка мектебінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Медеу ауданында да музыка мектебінің құрылысы аяқталды. [caption id="attachment_110756" align="alignnone" width="980"] №61 мектепке жапсарластырып салынған оқу корпусы[/caption] Алматыда қаланың барлық аудандарында оқушыларға арналған орындар санын көбейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, № 61 мектепке жалғастырыла салынған 450 орынға арналған оқу корпусы мен № 123 мектеп-гимназиясында оқу корпусын кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. № 9 мектеп-интернатында сейсмикалық күшейту жұмыстары, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мегаполисте мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында қосымша сегіз жаңа мектеп пен 13 қосымша құрылыстардың салынып жатқанын, бұл орын тапшылығын 80% -ға төмендетуге мүмкіндік беретіндігін атап өту керек. Осылайша, жаңа мектептер 18 мыңға жуық оқушы орнымен қамтамасыз етпек.Жаңа скверлер ашылды
Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласында халық өмірінің сапасын арттыруға арналған бірқатар нысандар іске қосылуда. Алматыда бос уақытты өткізуге арналған үш жаңа қоғамдық алаң ашылды. Олардың арасында «Будённый» және «Маяк» скверлері, сонымен бірге, Жамбыл көшесінің бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары бар. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы микроклимат жасау. “Алматы-2050” стратегиясында белгіленген міндеттерге сәйкес, қала әкімшілігінің қызметінде басымдық берілген бағыттарының бірі қалада қолайлы орта қалыптастыру болып табылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде және түрлі жобалар, атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Қатысу бюджеті» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда.Өндірістік цехтар қолданысқа берілді
Астана күнін мерекелеу қарсаңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС зауыттары туралы сөз болып отыр. [caption id="attachment_110758" align="alignnone" width="580"] “Дор-Хан-Алматы” ЖШС[/caption] «Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артады. [caption id="attachment_110759" align="alignnone" width="580"] “Солнечный сүт зауыты” ЖШС[/caption] Сонымен қатар, үш қабатты дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, қағаз майлықтарды шығаратын «Папирон» ЖШС жаңа цехының құрылысы, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндіретін «Дор-хан-Алматы» ЖШС кешенінің құрылысы және «Солнечный» сүт зауытын жаңғырту жұмыстары және өнім түрлерін кеңейту үшін қосымша жабдықтар алу сынды қосымша жұмыстар жүргізілді. Өндірістік цехтарды салу және кеңейту жұмыстары “Алматы-2050” стратегиясының “шетсіз қала” бағыты аясында қалада полиорталықты (көпорталықты) дамыту мақсатында орындалды. “Шетсіз қалада” әрбір ауданда бірегей мүмкіндіктер және дамыған өндірістік салалар болады, сол үшін жаңа нысандар салынбақ. Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыруда айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етеді. Жалпы, Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.