Арқалықта этанолдан уланған 11 адам қайтыс болды

Арқалықта этанолдан уланған 11 адам қайтыс болды

Арқалықта этанолдан уланған 11 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Арқалықта бірнеше адам этанолдан уланып, қайтыс болды, – деп жазды ҚазАқпарат. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 5:20 кезінде ауруханаға түскен. Бүгін уланған 9 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Арнайы сараптама бекітілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген полицияның ақпараттық хабарламасында. Мамандар қылмыстық істің барысын бақылауға алды.