«Хабар» арнасы Елбасы туралы деректі фильм ұсынады

«Хабар» арнасы Елбасы туралы деректі фильм ұсынады

«Хабар» арнасы Елбасы туралы деректі фильм ұсынады
ашық дереккөзі
«Хабар» арнасы Елбасы туралы «Человек-эпоха: дальше и выше мечты» атты жаңа деректі фильмді көрермен назарынына ұсынады, – деп хабарлады телеарнаның баспасөз қызметі. Фильм авторларының айтуы бойынша, туынды ХХ және ХIХ ғасырлар тоғысындағы жеңісті сәттер мен қиын-қыстау күндерді бейнелейді. Көрермен Елбасының тәуелсіз мемлекет құру жолында жүргізген реформаларына, жаңа астананы құруына, дүниежүзі мен өңірдегі қауіпсіздік пен бейбіт өмірді сақтау жолындағы қарымды қадамдарына куә болады. Ұлы дәуірдің ұлағаты мен Елбасы жолы – елдік жолы туралы Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Зинаида Федотова, Нұртай Әбіқаев, Қайрат Саудабаев, Темірхан Досмұхамбетов, Қайырбек Сүлейменов сынды қоғам қайраткерлері өткен шаққа көз жүгіртіп, сөз қозғайды. «Человек-эпоха: дальше и выше мечты» атты жаңа деректі фильмді бүгін сағат 21:30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар.