Қозғалысы тоқтаған пойыздың билет құны қайтарылады

Қозғалысы тоқтаған пойыздың билет құны қайтарылады

Қозғалысы тоқтаған пойыздың билет құны қайтарылады
ашық дереккөзі
Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға билет алған жолаушылар жұмсаған қаражатын қайтарып ала алады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты. «Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға ертерек билет сатып алған жолаушылар ақшасын толық көлемде қайтарып ала алады. Әрі өзге балама пойыздарға да билет алуына мүмкіндігі бар», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Асылхан Қалдыкөзовтің айтуынша, билет кассалары штаттық режимде жұмыс істей береді. Туындаған барлық сауал бойынша 105 анықтама қызметіне қоңырау шалып, жауап алуға болады.