3 Шілде, 17:48 482 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирус: Ресейде соңғы тәулікте 176 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 6718 жаңа дерегі тіркелді. Бұл туралы елдегі індеттің таралуын бақылау жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Штаб мәліметінше, жаңа деректер елдің 84 өңірінде анықталған. Бір тәулік ішінде 176 науқас көз жұмып, 8915 адам емделіп шықты. Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 667 мыңға жетеғабыл.

Айта кетейік, әлем бойынша қатерлі індетке шалдыққандар саны 10,9 миллионнан асты. Қатерлі вирустан 521,7 мың науқас көз жұмды.

Ал Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, елімізде соңғы тәулікте 1501 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 44 075-ке жетті. Індеттен 14 мыңнан астам адам айықты. 188 науқас қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар