Мексика ауруханаларына маска мен қолғапты дрон тасымалдайды

Мексика ауруханаларына маска мен қолғапты дрон тасымалдайды

Мексика ауруханаларына маска мен қолғапты дрон тасымалдайды
ашық дереккөзі
Бұдан былай Мексика ауруханаларына маска мен қолғаптар дронмен жеткізіледі. Індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін мамандар ұшатын аппараттарды пайдалануды жөн көрген.  Дрондар адамдардың байланысқа түсуін азайтып қана қоймай, медициналық жабдықтарды жеткізу уақытын үнемдеуге де сеп болмақ. Естеріңізге салайық, таяуда Мексикада медициналық қызметкерлердің жаппай наразылық акциясы өткен. Дәрігерлер қорғаныш құралдары мен сұйықтықтардың жетіспеушілігіне наразылығын білдірді. Соңғы дерек бойынша Мексикада коронавирус жұқтырғандар саны 239 мыңнан асып жығылды. Індеттен 29 мыңнан аса адам көз жұмды. Ал әлем бойынша 10,9 млн адам індетке шалдықты. Джонс Хопкинс университетінің дерегіне сүйенсек, індет құрбандарының жалпы саны 521 669-ға жетті.