«Домбыра» оқу құралы таныстырылады

«Домбыра» оқу құралы таныстырылады

«Домбыра» оқу құралы таныстырылады
ашық дереккөзі
Ертең Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра мәдениеті: дәстүр сабақтастығы және білім берудегі мәселелер» атты конференция өтеді. Онлайн видео форматында өтетін конференцияға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Қайрат Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал күйші Жанғали Жүзбаев және белгілі ғалымдар, бірқатар салалық оқу орындары мен өнер саласындағы ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысады. Алқалы жиын аясында Халықаралық Түркі академиясы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша дайындап шығарған «Домбыра» оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтеді. Өскелең ұрпаққа арналған оқулықтың авторы белгілі күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры – Жанғали Жүзбаев. Айта кету керек, өткен жылдың қараша айында Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында «Домбыра» оқу құралының жобасын таныстырған еді.