Қатаң карантин тағы екі аптаға ұзартылуы мүмкін – Премьер-министр

Қатаң карантин тағы екі аптаға ұзартылуы мүмкін – Премьер-министр

Қатаң карантин тағы екі аптаға ұзартылуы мүмкін – Премьер-министр
ашық дереккөзі
Эпидемиологиялық ахуал жақсармаса, елімізде шектеу шаралары тағы 2 аптаға ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданғанын хабарлағанбыз. Бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сай қабылданып отыр. Елімізде індет жұқтырғандар санының күрт өсуі Үкіметті қатаң шараларды қолға алуға мәжбүрледі. Өткен тәулікте елімізде 1509 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны 42 574-ке жетті.