Карантин: дәріханалар есеп беруге міндеттелді

Карантин: дәріханалар есеп беруге міндеттелді

Карантин: дәріханалар есеп беруге міндеттелді
ашық дереккөзі
Алматыда дәріханалардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін және олардың бағасын бақылайтын мониторингілік топ құрылады. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында айтылған. Мониторинг тобына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының өкілдері кіреді. Мониторинг дәрілік препараттардың 41 атауы бойынша жүргізіледі: Тромбопол, Кардиомагнил, Аспирин, Тромбо асс,Аспирин- Кардио, Ксарелто 15мг, Азитро 500мг, Азитрокс 500мг, Азитромицин 500мг, Азицин 500мг, Заха 500мг, Зитмак 500мг, Зитрокс 500мг, Сумамед 500мг, Амоксиклаб, Аугментин, Амоксиклав, Клавам, Флемоклав Солютаб, Цефиксим, Цефим, Супракс солютаб, Супракс, Токсим-О, Тамифлю, Осельтамивир, Инфлюцеин, Флувир, Номидес, Ингавирин 90мг, Эргоферон, Кагоцел, Арпефлю, Парацетамол, Эффералган, Панадол, Нурафен, Ибупрофен, Новиган, Миг 400, Нимесулид. «Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласының дәріхана ұйымдары күн сайын сағат 17:00-ге дейін бекітілген тізімге сәйкес дәрілік заттардың бар-жоғы туралы анықтама беруі тиіс», –делінген құжатта. Қаулыға сәйкес, тізімде 10 дәріхана бар: 1. «Аптека 2» 2. «Атека плюс» 3. «Рауза АДЕ» 4. «AK NIET GROUP» 5. «Фармаком» 6. «Абдинор» 7. «Аптека от А до Я» 8. «Садыхан» 9. «Биосфера» 10. «Цветная» Дәріхана ұйымдарының басшылары денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығына сәйкес, дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау керек.