Президент ауылды жерлерде мобильді зертханалар ұйымдастыруды тапсырды

Президент ауылды жерлерде мобильді зертханалар ұйымдастыруды тапсырды

Президент ауылды жерлерде мобильді зертханалар ұйымдастыруды тапсырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы елімізде зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды.  «Азаматтар зертханалардың маңындағы ұзын-сонар кезекке, кезекте санитарлық нормалардың сақталмауына әділ шағымдарын жасауда. Осының барлығы инфекция жұқтырудың қатеріне алып келеді. Сондықтан індетті жұқтыруды алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізу керек», - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажет. Әсіресе, ауылды жерлерде осындай зертханалар қамтылуы тиіс. Президент мобильді қызметтерді ары қарай дамытуға қаржы бөлуді жүктеді. Айта кетейік, бұған дейін Үкіметке 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әкімдер мен министрлердің халықтың арыз-шағымына дер кезінде жауап бермейтінін сынға алды. .