29 Маусым, 19:48 366 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Оралда 349 адам пневмонияға шалдыққан

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандар саны 1431 адамға жетті.  Аймақта 821 ауру ошағы анықталған.

Өңірде тек маусым айында өңірде сырқатының клиникалық белгілері жоқ 1071 тасымалдаушы тіркеліпті. Науқастардың 893-і емделіп шыққан. Облыстағы емдеу нысандарында орын жетіспеушіліне байланысты қалалық көпбейінді аурухана базасында қосымша 389 инфекциялық төсек жасақталды. Тек демалыс күндері стационарға 86 науқас келіп түсіпті.

"512 пациент стационарлық ем алуда. Соның ішінде 13 бала, 13 жүкті әйел жеңіл дәрежеде 19, орташа дәрежеде 435, ауыр дәрежеде 58 адам. Оның ішінде  пневмониямен 349 пациент түсті, тоғызы бала. Өкпені жасанды  желдету аппаратына 14 адам қосылған. Барлығы ересек", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 547 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны 21,3 мыңға жетті. Індеттен 13 мыңнан астам адам емделіп шықты. Дерті асқынған 183 адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар