Қандасымыз Францияда қала әкімдігінде басшылық қызметке сайланды

Қандасымыз Францияда қала әкімдігінде басшылық қызметке сайланды

Қандасымыз Францияда қала әкімдігінде басшылық қызметке сайланды
ашық дереккөзі
Франция елінің Крей қаласы мэрінің орынбасары болып қазақ қызы сайланды. Крей қаласы басшылығынан лауазымды қызмет алған қазақ қыздың есімі – Иесим Махмұтқызы. Ол Шығыс Түркістанның батыры, дін қайраткері Зуқа қажының шөбересі.  Зуқа батыр ұрпақтары Оспан батырлар бастаған ұлт азаттық қозғалысы кезінде Тибет Гималай асып, Кашмир, Үндістан, Пәкістанды басып, Түркияға жеткен еді. Олар қазір Еуропа елдерінде тұрады. Бүгін Крей қаласының орынбасар мэрі болған қандасымыз Францияда тұратын Зуқа батырдың немересі Махмұт Сабашұлының. Айта кетсек, Крейл – Францияның солтүстігіндегі қала.