«Қайсардың» 25 ойыншысынан коронавирус анықталды

«Қайсардың» 25 ойыншысынан коронавирус анықталды

«Қайсардың» 25 ойыншысынан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
«Қайсар» футбол клубының бас жаттықтырушысы Стойчо Младеновтың айтуынша, клуб ойыншылары арасында коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды  Sports.kz. «Қайсардың» 10 ойыншысының тапсырған талдауы коронавирус бар екенін анықтады. Егер «Байқоңыр» жастар командасындағы инфекцияға шалдыққандарды қоссақ, жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және менің бапкерлер штабымның өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған талдауы теріс нәтиже көрсетті», - деп атап өтті Младенов. Сонымен қатар, бас жаттықтырушы «Қайсардың» 1 шілдеге жоспарланған ойыны өтер-өтпесін білмейді. «Жаттығуды тоқтаттық, шешімді күтіп отырмыз», деді ол. Айта кетсек, 1 шілдеде «Қайсар» Қазақстан чемпионатында «Таразға» қарсы ойнауы керек болатын.