29 Маусым, 11:35 627 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Елімізде жұмыссыз жастар саны 3,8 пайызға азайды

Қазақстанда жұмыссыз жастар саны 3,8 пайызға азайды, деп хабарлайды  finprom.kz. 

Порталдың зерттеуінше елімізде осы жылдың алғашқы тоқсанында 15–28 аралығындағы 78,9 мың жұмыссыз жас азамат болған. Бұл – елдегі жұмыссыздардың 17,8 пайызы. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 5,8 пайызға азайса, жұмыссыз жастар деңгейі 3,8 пайызға төмендеген.

«Жұмыссыздардың көбі халық тығыз орналасқан аймақтарда шоғырланған. Мәселен 15-28 аралығындағы жұмыссыз жастардың көбі Алматы қаласы(15,7 мың), Алматы облысы (7,7 мың) мен Түркістан (6,4 мың) облысында жүр. Өз кезегінде 15–28 жас аралығындағы жұмысы бар жастардың саны 2 миллион адамға жетті. Жұмыстан қысқару жағдайының көбі Жамбыл (−22,4%), Шығыс Қазақстан (−13,9%) және Ақтөбе (−11,3%) облыстарында тіркелген. Жалпы жұмысы бар жастардың көбі Алматы облысында (247,7 мың) шоғырланған. Бұл бағыттағы үздік үштікке Алматы қаласы (245,8 мың) және Түркістан облысы (175,5 мың) енді», - делінген хабарламада.

Жастар еңбек ететін жұмыс салаларының алғашқы бестігіне сауда, ауыл және орман, балық шаруашылығы, білім, құрылыс және мемлекеттік басқару, қорғаныс кіреді.

 

Соңғы жаңалықтар