Семейде автокөлік өртенді

Семейде автокөлік өртенді

Семейде автокөлік өртенді
ашық дереккөзі
Семейдегі көшелердің бірінде автокөлік өртенді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.  ТЖБ хабарлауынша, бүгін 28 маусымда сағат 10:21-де 101 пультіне Бозтаева көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген өрт бөлімінің қызметшілері Volkswagen Passat автокөлігінің қозғалыс кезінде қозғалтқышы, салоны және жүксалғышы өртенгені белгілі болды. Өртке қауіптілігі жоғары агрегаттармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі анықталып жатыр.