«Nur Otan» екі мектепті күрделі жөндеуден өткізді

«Nur Otan» екі мектепті күрделі жөндеуден өткізді

«Nur Otan» екі мектепті күрделі жөндеуден өткізді
ашық дереккөзі
Жуырда «Nur Otan» партиясының Жаңақала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин іс-сапармен Жаңақазан және Пятимар ауылдық округтерінде болып, мектептерде жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысты. Алдымен Жаңақазан ауылында орналасқан М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын қарап, тексерді. Мектепте 347-ден астам бала оқиды. Мұғалімдер саны – 64. Жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар арасынан 27 адам тартылған. Бұл мектепте соңғы рет күрделі жөндеу жұмысы 2009 жылы жасалған екен. Ал 2018 жылы жалпы орта білім беретін мектептің 150 жылдығы тойланып, жаңадан мәжіліс залы, мұражай, спорт алаңы салынған болатын. Содан кейін жұмыс тобы Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып шықты. Мектепте 1-11 сыныптарда – 180 оқушы бар, мектеп алды даярлық  топты қосқанда  барлығы 204 оқушы оқиды. Ал мектеп жанындағы жатақханада – 19 тәрбиеленуші, шағын орталықта 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінде  күрделі жөндеу  жұмыстары 2007 жылы жасалған екен. Айта кетсек, республикалық бюджеттен бөлінген М.Жүнісов атындағы орта мектепке – 215 млн 746 мың теңге, Пятимар орта мектебіне – 422 млн 274 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Іс-сапар барысында аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Н.Қарағойшин мердігермен және жұмысшылармен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Бүгінгі таңда мектеп ғимараттарының кабинеттерде әрлеу жұмыстары, сонымен қатар сыртқы инженерлік желілер бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Қазіргі таңда аудан көлемінде 6 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған аудан бойынша 236 адам жұмысқа тартылған.