"Билет қаржысы қайтарылсын!": Жолаушылар Bek Air-ден 52 млн теңге талап етуде

"Билет қаржысы қайтарылсын!": Жолаушылар Bek Air-ден 52 млн теңге талап етуде

"Билет қаржысы қайтарылсын!": Жолаушылар Bek Air-ден  52 млн теңге талап етуде
ашық дереккөзі
Bek Air әуе компаниясына қарсы арыз сомасы 52 миллион теңгеге дейін өсті. Компанияның клиенттері тоқтатылған рейстер үшін ақшаларын қайтарғысы келеді. 161 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды КТК арнасы. 11 маусымда Bek Air әуе компаниясына қатысты басты сот отырысы онлайн режимде өтті. Отырыс барысында сот жәбірленушілердің сөзін тыңдады. Әуе компаниясы билеттердің қайтарымсыз тариф бағасымен сатылғанын айтып, билеттерді қайтарудан бас тартқан. Өтініш білдіріп, талап еткеннің бірі – Алтын Ілиясова. Ол әуе компаниясы кінәлі деген ойынан арылмақ емес, себебі рейс тоқтатылды, өзі сияқты клиенттер сатып алған билеттерін қолдана алмаған. "Менің билеттерім жарты жыл бұрын сатып алғандықтан, қайтарымсыз тарифтегі бағамен сатылған билеттер болды. Бірақ хабарлама болды ма, хабарлама болмады ма, іс жүзінде рейс тоқтатылды. Біз физикалық тұрғыда билеттерімізді қолдана алмадық. Бұл – біздің емес, әуе компаниясының кінәсі",– деп өз наразылығын білдірді жолаушы. Сонымен қатар, сотқа жүгінген жолаушылар билеттер сатып алынған агенттіктен төлемдердің бір бөлігін мойынына алуын сұраған. Алайда компания өкілі агенттіктің жолаушы мен тасымалдаушы арасындағы делдал екенін ескеріп, бұдан бас тартқан.