Ауыл тұрғындары жалғызбасты әкеге баспана сыйлады

Ауыл тұрғындары жалғызбасты әкеге баспана сыйлады

Ауыл тұрғындары жалғызбасты әкеге баспана сыйлады
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Келес ауданының Бозай ауылдық округінің тұрғыны Андрей Грибанов 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Жары ерте қайтыс болып, бүгінде 2 қызы мен 1 ұлына әрі әке, әрі ана атанып отыр. 2015 жылы жұмыс бабымен үш баласымен бірге ауылдағы тұрғын үйін сатып, Сарыағаш қаласына қоныс аударған. Кейіннен денсаулығы сыр беріп, ауылға қайтуға мәжбүр болыпты. Ауыл тұрғындары жалдамалы пәтер сұрап келгенін көрген соң асарлатып үй алып берген. Одан бөлек, ауылдастары 20-ға жуық қой беріп, ауыл әкімдігі отағасын жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, бозайлықтар тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ, қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз еткен. Ауылдастары алдағы уақытта баспананы толық жөндеуден өткізбекші. Баспаналы болған Андрей Грибанов бозайлық ауылдастарына, ризашылығын айтып, шексіз алғысын білдірді.