Министр қазақ даласында қанша ақбөкен барын айтты

Министр қазақ даласында қанша ақбөкен барын айтты

Министр қазақ даласында қанша ақбөкен барын айтты
ашық дереккөзі
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақ даласында қанша ақбөкен бар екенін айтты.  «Жануарлар дүниесі саласында жыл сайын сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен ақбөкен саны артып келеді. Ақбөкеннің популяциясы 334 мыңға жетіп, өсім 55 пайызды құрады. Біз осы динамиканы сақтау үшін бар күш-жігерімізді саламыз», - деді министр. М.Мырзағалиев браконьерлікпен күреске ерекше мә «Министрлік Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратурамен бірлесіп 2019 жылы браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнамаға түзетулер енгізді. Қылмыстық кодекске табиғатты қорғау инспекторлары мен қорықшылардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық үшін қатаң жаза қарастыратын жеке бап енгіздік. Инспекторлардың ауыр еңбегін сезіне отырып, Президенттің тапсырмасына сәйкес инспектор мәртебесін көтеруді көздеп отырмыз», - деді ол. Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда екі киікті көлігімен қағып өлтірген қостанайлық сотталғанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, жуырда Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық сотының үкімімен 227 дана киік мүйізін сатпақ болғандар үш жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.