Алматыда дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды

Алматыда дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды

Алматыда дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды
ашық дереккөзі
Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері шала туған сәбилерді аман алып қалды, - деп жазды ҚазАқпарат. 1 мамырда 35 жастағы әйелге шұғыл түрде кесір тілігі жасалды. Салмағы 1170 гр., 1475 гр және 1685 гр болатын үш қыз бала дүниеге келді. Ота жүктіліктің 31-ші аптасында жасалды. Балалар шала туғандықтан әлжуаз болған. Сәбилер жансақтау бөлімінде 3 күн, одан кейін шала туған балаларды бағу бөлімінде 33 күн жатты. «Бізде неонаталдық блокта мерзімінен ерте туған балаларды бағуға барлық жағдай жасалған. Оған қоса дәрігерлердің біліктілігін айту керек. Сәбилер аман болсын, жолдары ашық болсын!» - деді орталықтың бас дәрігері Ғани Бодықов. Қазір балалар аналарымен бірге перзентханадан шықты. Жыл басынан бері орталықта 101 егіз туған.