Мола тонаған қарылар ұсталды

Мола тонаған қарылар ұсталды

Мола тонаған қарылар ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары молаларды тонауға қатысты екі қылмысты ашты, - деп жазды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусым күні Аққайың ауданы Смирново елдімекенінің тұрғыны полицияға арызданып, әкесінің моласының қоршауынан 10 темір шынжыр қолды болғанын айтқан. Тәртіп сақшылары бірден түрлі-түсті металл қабылдайтын орындарды тексеруге кіріседі. Нәтижесінде осындай орындардың бірінен шынжырдың бір бөлігі табылды. Оны осы аудан орталығының 1987 жылы туған тұрғыны тапсырыпты. Ер адам бұрын сотталған. «Ұрлық» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.