6 Маусым, 14:10 411 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жыл соңына дейін еліміздің 99,3 пайызы тұрғыны интернетпен қамтылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл Қазақстандағы 6 341 ауылдың 5 163-і интернетпен қамтылатынын жария етті, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда, елімізде 118 қаланың тұрғындары (бұл шамамен 11 миллион адам) және 4 235 ауылдық елдімекен (бұл тағы 7 млн адам) ұтқыр кеңжолақты (ҰКЖҚ) интернетті пайдалана алады. Осылайша, халықтың 96 пайызы ҰКЖҚ-мен қамтамасыз етілген. 2020 жылдың соңына қарай тұрғын саны 250 және одан асатын халқы бар ауылды елдімекенде 3G/4G ұялы байланыс желілерін салу жобасының шеңберінде 928 ауылдағы 600 мыңнан астам тұрғынды (барлық халықтың 3,3 пайызы) ҰКЖҚ интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда», – деп жауап берді министрлік.

Аталған жобаны іске асырудың арқасында 6 341 ауылдың 5 163-і интернетпен қамтылады. Жалпы 2020 жылдың соңына қарай 3G және 4G ұялы байланыс желілерін салу арқылы интернетпен қамтылған халықтың үлесі 99,3 пайызды құрамақ.

 

Соңғы жаңалықтар