BizBirgemiz акциясы: 52 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

BizBirgemiz акциясы: 52 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

BizBirgemiz акциясы: 52 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамысымен жүріп жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында постпандемиялық кезеңде жергілікті атқарушы органдар және кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж тұрғындарға көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылуда.  width= «Nur Otan» партиясының Алатау аудандық филиалына аз қамтылған отбасылардан азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде көптеген өтініш түсіп жатыр. «Бүгін «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп, Алатау ауданының 30 аз қамтылған отбасына көмек көрсетілді, азық-түлік жиынтықтары табыс етілді. Әр отбасына табысталған 30 келілік жиынтықта ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар. Бұл жұмыс жалғасын табады. Атаулы көмек көрсету кезінде көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлер мен жалғызбасты қарт адамдарға баса назар аударылатын болады», – деді Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалының консультанты Сұлтан Шадман.  width= Карантин кезеңінде қалалық және аудандық әкімдіктердің, кәсіпкерлер мен еріктілердің қолдауымен 52 мыңнан астам отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілгенін атап өткен жөн. Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, 2 бала тәрбиелеп отырған 3 топтағы мүгедек Гүлнар Сабирова  #BizBirgemiz бастамасына, Nur Otan партиясы мен еріктілерге алғысын білдіріп, 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекке қосымша азық-түлік жиынтығын бірнеше рет алғанын айтты. Азық-түлік жиынтықтарын дайындау және тарату барысында қажет санитарлық нормалар сақталған.