Педагогтердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға ұлғайып отырады

Педагогтердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға ұлғайып отырады

Педагогтердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға ұлғайып отырады
ашық дереккөзі
2023 жылға дейін мәдениет және спорт саласындағы мектеп пен колледж педагогтерінің жалақысы жыл сайын 25 пайызға ұлғайып отырады, – деп жазды ҚазАқпарат. Онлайн режимде өткен халық алдында есеп беру кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова: «Мәдениет және спорт қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыру – біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50 пайызға, ол орта есеппен алғанда 96 мыңнан 139 мың теңгеге дейін, өңірлерде 35 пайызға, сәйкесінше 96 мыңнан 126 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы, мұндай өсім шамамен 34 мың адамды қамтыды», – деп атап өтті. Сонымен қатап, министрдің айтуынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 25 пайызға ұлғайып отырады. Нақтырақ айтқанда ол еңбекақы 2020 жылы – 25 пайызға, 2021 жылы – 50 пайызға, 2022 жылы – 75 пайызға, 2023 жылы 100 пайызға өседі.