Күшікті тірідей өртеп жіберген балалар ұсталды (видео)

Күшікті тірідей өртеп жіберген балалар ұсталды (видео)

Күшікті тірідей өртеп жіберген балалар ұсталды (видео)
ашық дереккөзі

Алматы облысында иттің күшігін тірідей өртеген балалар ұсталды. Қылмыс Алматы облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында болған. Әлеуметтік желіде жарияланған жасөспірімдер түсірген бейнежазба халықтың наразылығын тудырды.  «Бұл қылмысты жасады деген күдікпен кәмілетке толмаған екі жасөспірім ұсталды. Олар 2004 жылы туған Ш. және 2005 жылы туған Д. есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай», – деді Алматы облысы Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қуат Оспанов. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.