Атырауда газ құю стансысында жарылыс болды

Атырауда газ құю стансысында жарылыс болды

Атырауда газ құю стансысында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Атырау қаласындағы газ құю станциясында жарылыс болды, – деп жазды ҚазАқпарат. Оқыс оқиға бүгін, 5 маусымда жергілікті уақытпен сағат 08:20 шамасында болған. Атамбаев көшесінде орналасқан автокөлікке газ құю стансысында автоцистерна жарылған. Соның салдарынан өрт шыққан. «Жарылыстан бір адам зардап шекті. Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.