5 Маусым, 09:55 383 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Полиция жол ережесін бұзған түлектер кортежіне қатысты түсініктеме берді

Сурет - kris_p_almaty
Сурет - kris_p_almaty

Алматы полициясы жол ережесін бұзған мектеп бітіруші түлектер кортежіне қатысты түсінік берді.

Әлеуметтік желілерде кортеж ұйымдастырғандардың видеосы тарады. Онда түлектер жол ережесін өрескел бұзып, көлік терезесінен басын шығарған. Полиция департаменті көпшіліктің назарын аударған кортежге байланысты түсінік берді.

Айтуларынша, кінәлілер жауапқа тартылады.

«Мектеп бітіруші түлектердің кортежіне қатысқандардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты Қазақстанның мектеп бітірушілері 3-4 маусымда барлық санитарлық нормаларды сақтап, аттестат алған болатын.

Соңғы жаңалықтар