Тілеухен Әбілдаев бұрынғы қызметіне қайта оралды

Тілеухен Әбілдаев бұрынғы қызметіне қайта оралды

Тілеухен Әбілдаев бұрынғы қызметіне қайта оралды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Тілеухан Әбілдаев өзінің бұрынғы қызметіне, қалалық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығына қайта оралды. Бұл ақпаратты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалы растады. Ал бұл қызметте аз мерзімде отырған Нұрлыбек Қабдықапаров Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығына ауысты. Айта кету керек, Тілеухан Әбілдаев басқарма басшысы қызметіне былтыр желтоқсан айында тағайындалған болатын. Ол 1962 жылы 6 қарашада туған. 1985 жылы Алматы медициналық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы №2 клиникалық ауруханада медициналық қызметші болып бастаған. Әр жылдары хирург, хирургия бөлімінің басшысы, Талас аудандық ауруханасының басшысы, ҚР Ұлттық туберкулез орталығының директоры болып қызмет атқарған. 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалының директоры болып тағайындалған.