Ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесі өзгереді

Ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесі өзгереді

Ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесі өзгереді
ашық дереккөзі
Елімізде ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Facebook желісінде халық алдында есеп беру барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайту мәселесі үнемі назарда. PISA рейтингі арқылы тек ауыл мен қала емес, өңір мен өңір арасындағы үлкен алшақтықты көріп отырмыз. Бұл, әрине, кешенді шара қабылдауды қажет етеді. Ауыл мен қаланың қашықтығын айтқанда, ең алдымен мұғалім тапшылығы мәселесі көрінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы тиісті тапсырма беріп, ауылда істейтін мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгертуді ұсынды. Бұл неге маңызды? Өйткені, білім саласында бір ставка - 18 сағат. Ал шағын жинақталған мектептерде 18 сағат болмайды, бір сынып екінші сыныппен қосылып оқиды немесе бала саны аз. Сондықтан да, 4-6 сағат үшін мұғалім ауылға бармайды. Мұғалім болмағасын, білім сапасы да болмайды», - деді министр. Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары аттестациядан өткізу институты енгізілетінін мәлімдеген.