Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді

Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді

Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді
ашық дереккөзі
Беларусь президенті Александр Лукашенко ел үкіметін отставкаға жіберді. Тиісті қаулыны мемлекет басшысы кеше, 3 маусымда қабылдады, деп хабарлайды БЕЛТА. Бұған дейін Лукашенко жаңа үкіметтің құрамын, сондай-ақ бірқатар басқа мәселелерді талқылауға арналған жиын өткізген. Жиында Белоруссия президенті  министрлер кабинетінің құрамын толық жаңартуға ниетті емес екенін айтқан. Оның айтуынша, үкіметтен тек экономикалық дағдарыс кезінде өзіне артылған жұмыс көлемін игере алмайтындар ғана басқа жұмысқа бағытталады. Лукашенконың кімді меңзегені белгісіз. Айта кетейік, 9 тамызда Белоруссияда президент сайлауы өтеді. Елдің қазіргі президенті сайлау әділ әрі жүйелі түрде өтетініне сендірді. Александр Лукашенко Белоруссияны 1994 жылдан бері үзіліссіз басқарып келеді. Бүгінде ол бесінші өкілеттілік мерзімін атқаруда.