ҰБТ қалай өтеді?

ҰБТ қалай өтеді?

ҰБТ қалай өтеді?
ашық дереккөзі
Премьер-Министр Асқар Маминнің тө­ра­­ғалығымен өт­кен Үкіметтің се­лек­­тор­лық оты­ры­сын­­да Ұлт­тық бірың­ғай тес­ті­леуді жаңа жағ­дайда өткізуге да­йын­­­­дық мә­селесі қа­рал­­ды. Ұлттық бірыңғай тес­тілеу осы жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін өткізі­леді. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе былтырмен салыстырғанда 12 пайызға көбірек (117 мың) оқушы қатысады. ҰБТ-ны өткізетін 161-ге жуық пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды, қадамдық нұсқаулық қабылданды. ҰБТ дәстүрлі тәртіпте, алайда санитарлық-эпидемио­ло­гиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін 5 залалсыздандыру шарасы қолданылады. Атап айтсақ, тест тапсырушының дезинфекциялау тоннелі арқылы өтуі, аяқ киімді арнайы дезинфекциялаушы кілемшеде өңдеу, қолды санитайзермен тазалау, температураны өлшеу, бір рет қолданылатын маска ұсыну. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі бойынша тест тапсырушылар ара­сындағы арақашықтық кемінде 2 метрді құрайтын болады. «Барлығы тыныш жағдайда өтуі керек, түлектер назарын тек тестке аударуы тиіс. Дәстүрлі түрде ата-аналар үшін тестілеудің онлайн таратылымын ұйымдастыру керек. Осылайша, ҰБТ үдерісінің ашықтығы мен айқын­ды­лығы қамтамасыз етіледі», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы білім және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктеріне және өңірлер әкімдіктеріне ҰБТ-ны сапалы өткізуді және санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ҰБТ-ны қазір­гі жағдайда өткізу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.  

Ә.БАЙБОЛ