Ұлттық қорға 100 миллиард теңге кіріс кіргізді

Ұлттық қорға 100 миллиард теңге кіріс кіргізді

Ұлттық қорға 100 миллиард теңге кіріс кіргізді
ашық дереккөзі
Қазақстанның Тұңғыш Президенті­нің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес­тің отырысы өтті. Кеңесте «Самұрық-Қазына» акцио­нерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңес­тің өткен отырысында беріл­ген тапсырмалардың орын­далу бары­сы қаралды. Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қоры ел дамуында маңызы рөл атқа­раты­нын атап өтті. – Биыл біз ауыр сынақтарға тап болдық. Коронавирус панде­миясы жа­һандық экономи­калық дағдарыс­қа әкеп соқты. Әлемдік экономика мен сауда өсімі тоқта­ды. Бұл фактор­лардың барлығы біздің экономи­ка­мызға кері әсерін тигізіп отыр. Осы орайда біз қалыптасқан күрделі ахуал­ға тез бейімделуге және дағ­дарысты еңсеруге септігін тигізе­тін эконо­миканың негізгі драйвер­ле­рін айқындауға тиіспіз, – деді Елбасы.  Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемле­кеттің экономикалық өсімді қалпына келтіру шараларын дер кезінде қабылдаға­нына және маңызына тоқталды. – Экономикамызды қалпына келтіруде және әрі қарай дамытуда ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады. Қазақстанның барлық негізгі компаниялары осы қордың құрамына кіреді. Қор компанияларының жиынтық активтері 28 трлн теңгені құрай­ды. Бұл – ЖІӨ-нің 40 пайызы. Мұнда 300 мың қызметкер жұмыс істейді. Қиын­дық­тарға қарамастан компания­лар­дың бәрі жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен жылғы Қор көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылға резерв құруға мүмкіндік бергенін байқап отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Жиын барысында Премьер-Министр А.Мамин­нің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бас­қар­ма төрағасы А.Есімовтің, «Қазмұнай­газ» ұлттық компаниясы» акционерлік қоға­мының басқарма төрағасы А.Айдар­баев­­тың, «Қазақстан темір жолы» ұлт­­тық компаниясы» акционерлік қоғамы­ның бас­қарма төрағасы С.Мыңбаевтың баянда­ма­лары тыңдалды. Елбасы қор компанияларының тиім­ді­лі­гін әрі қарай арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті қор компанияларын жекеше­лен­діру мәселелеріне, сатып алулар және отандық тауар өндірушілерді қолдауда жергілікті үлесті арттыру бойынша қабыл­дан­ып жатқан шараларға тоқталды. Кеңес қорытындысы бойынша Елбасы «Самұрық-Қазына» басшылығының дағда­рыс­қа қарсы қабылдаған шаралары­ның нәтижесін атап өтіп, бұл тәжірибені басқа да құрылымдарда қолданудың маңызын айтты. – Қор басшылығы дер кезінде қабыл­даған шараларды қолдаймын және оң бағалаймын. Олар өз тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлді. Алайда осы жағдайда «Самұрық-Қазына», керісінше, Ұлттық қорға 100 млрд теңге бағыттады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.