Бүгін Қызылордада ауа райы 47 градусқа дейін көтерілді

Бүгін Қызылордада ауа райы 47 градусқа дейін көтерілді

Бүгін Қызылордада ауа райы 47 градусқа дейін көтерілді
ашық дереккөзі
Бұл – соңғы жылдарда тіркелген ең жоғары температура. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға хабарлаған болатын. Мамандар көпшілікті аптап ыстықтан қорғануға шақырды. Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Нұрсейітова аптап ыстықта өңірде шақырту деңгейі бұрынғысынша қалыпты болғанын айтады. «Облыста аптап ауа райы тіркелген 31 мамыр-2 маусым аралығында 3 мыңнан астам шақырту түскен. Бұл – жай күндердегі шақыртумен қатарлас. Оның арасында қан қысымы ауруымен 544 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл да алаңдатарлық деңгейде емес. Десе де біз тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», – деді ол. Күннің аптап ыстық болуына қарамастан соңғы күндерде суға кету оқиғасы тіркелмеді. Сондай-ақ, өрт оқиғасы да кездескен жоқ. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.