Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады, – деп хабарлайды akorda.kz. Қазақстан Президентіне Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баяндалды. Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты. Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту, туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру және коронавирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.