Психотроптық заттарды сатумен айналысқан емхана қызметкері ұсталды

Психотроптық заттарды сатумен айналысқан емхана қызметкері ұсталды

Психотроптық заттарды сатумен айналысқан емхана қызметкері ұсталды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан наркологиялық емхана қызметкеріне қатысты қылмыстық із қозғалды, – деп жазды ҚазАқпарат. ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлар мен ішімдікке берілген адамдарды оңалтумен айналысатын жекеменшік емхана қызметкерін қолға түсірді. 26 жастағы ер адам психотроптық заттарды заңсыз сатып, пайда тапқан. «Күдіктінің көлігін тінту барысында тергеушілер бірқатар препаратты тапты. Сондай-ақ оның жұмыс орнынан психотроптық заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», – дейді департамент бастығы, полиция полковнигі Сағат Мадиев.