Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидрометтің мәліметінше, 4 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 38 градус аптап ыстық сақталады. 4 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан және шығыстан күшті жел соғады. Күндіз кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.Күндіз Орал қаласында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады. Бұған қоса, 4-6 маусым күндері Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды. «Скандинавия аудандарынан жылжыған антициклон республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы ауа райына әсер етіп, өз кезегінде ол ауа температурасын төмендеді. Бұл аймақтардың кей жерлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен бірге жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Иран аумағынан келген жылы ауа массаларымен бірге еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік батысында ыстық әрі құрғақ күн райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады», – делінген хабарламада.